К.Мәсімов Қарағандыдағы «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

К.Мәсімов Қарағандыдағы «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жұмысымен танысты

27.06.2016
К.Мәсімов Қарағандыдағы «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жұмысымен танысты

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мамандандырылған ХҚКО-на барды.

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасының төрағасы ҚР Премьер-Министріне мамандандырылған ХҚКО-ында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу ерекшеліктері туралы баяндап, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру қағидаты жайлы түсінік берді.

Мамандандырылған ХҚКО-ында қарағандылықтар жүргізуші куәлігін, нөмірлік белгілерді алып, техпаспорт ресімдеп, көлігін тіркей алады. Мұндайда көлік иелеріне қызмет көрсету уақыты да, қызметтерді ресімдеу үшін қажетті құжаттар саны да барынша қысқартылған.

Еске салайық, 2016 жылдың 1 наурызынан бастап әлеуметтік қызметтердің басым бөлігін көрсететін еліміздегі ХҚКО-лардың барлығы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясына біріктірілген. Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетіп, «бір терезе» қағидатын қамтамасыз етті.

Хабарламаларға жазылу