Ширек ғасырда Қазақстан журналистикасы адамгершiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты құралға айналды - Г.Әбдіқалықова (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ширек ғасырда Қазақстан журналистикасы адамгершiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты құралға айналды - Г.Әбдіқалықова (ФОТО)

27.06.2016
Ширек ғасырда Қазақстан журналистикасы адамгершiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты құралға айналды - Г.Әбдіқалықова (ФОТО)

Ширек ғасырда Қазақстан журналистикасы адамгершiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты құралға айналды. Бүгін Ақордада бiрқатар БАҚ өкiлiне Президент сыйлығы мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялаған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.

«Биыл ел өмiрiндегi ерекше белес. Бiз қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдық мерейтойын атап өтемiз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендiктiң ең алғашқы кезеңiнен бастап отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы мен дамуына ұдайы қолдау көрсетiп келедi. Мемлекет деңгейiндегi жүйелi шаралардың нәтижесiнде тәуелсiз елiмiздiң мүддесi мен баянды болашағына қызмет ететiн ұлттық баспасөзiмiз қалыптасты. Ширек ғасыр iшiнде Қазақстан журналистикасы қоғамдағы татулық пен бiрлiктiң ұйытқысы, биiк парасат пен адамгершiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты құралға айналды»,-  деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар ол бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетiмiздiң iргесi берiк, келешегi кемел болуына, ең бастасы, ел дамуының маңызды құжаттарының бiрi  «Қазақстан - 2050» стратегиясының лайықты iске асырылуына атсалысып келе жатқандығын баса айтты. Отандық журналистика саласы заманға сай ақпараттық технологияны, интернет әлемiн игеру арқылы жаңа белеске көтерiлгенін атап өтті.

«Осылайша, өзiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттырып, мемлекетiмiздi әлемнiң ең дамыған елдерiнiң қатарына қосу мақсатын орындауға сүбелi үлесiн қосуда. Бұл iсте кәсiби деңгейiнiң биiктiгi мен терең бiлiмiмен және мол тәжiрибесiмен ерекшеленген сiздердiң қызметтерiңiздiң маңызы зор. Мемлекетіміз отандық ақпарат құралдары саласын дамыту жолындағы осы еңбектеріңізді жоғары бағалайды», - деді Г.Әбдіқалықова.

Казахстанские СМИ внесли неоценимый вклад в формирование сильного, устойчивого государства - Г.Абдыкаликова (ФОТО)

Хабарламаларға жазылу