«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының тілшісі Мөлдір Құрымбаева МҚІМ ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының тілшісі Мөлдір Құрымбаева МҚІМ ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы атанды

23.06.2016
«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының тілшісі Мөлдір Құрымбаева МҚІМ ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы атанды

23 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігінде Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу құрметіне салтанатты жиын өтті.

Мемлекеттік қызмет істер министрі Т.Донақов барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, Ұлт жоспарының бірінші институтционалды реформасын жүзеге асыру бойынша министрліктің алдында ауқымды міңдеттер тұрғаның атап өтті.

Салтанатты жиын барысында Министр өзі бақарып отырған мекеменің бірқатар қызметшілерін құрмет грамоталарымен марапаттап, алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметші күнің мерекелеу мен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаныңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға жарияланған байқау қорытындыланды.

Байқау осы жылдың басында БАҚ-та қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған тақырыптарды жан-жақты ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жарияланған.

Конкурсқа  62 журналистің 157 жұмысы қабылданды.

Осылайша, «Үздік телевизиялық жұмыс» аталымы бойынша:

1-ші орын «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының журналисі Құрымбаева Мөлдір Ерланқызына берілді;

2-ші орын «TVK» телеарнасының журналисі Жолымбетова Нұргүл Ерғалиқызына берілді;

3-ші орын «ТДК 42» телеарнасының журналисі Киреева Аиша Нурисафьевнаға берілді.

«Үздік баспа жарияланымы» аталымы бойынша:

1-ші орын «Казахстанская правда» республикалық газетінің тілшісі Семенова Ольга Львовнаға берілді;

2 -ші орын «Туған өлке» газетінің тілшісі Ахметов Ерлан Ахметсалімұлына берілді;

3 -ші орын «Халық» газетінің тілшісі Есімова Гауһарай Аманғалиқызына берілді.

«Үздік интернет жарияланымы» аталымы бойынша:

1-ші орын «saq.kz» интернет газетінің тілшісі Көшерова Гүлжан Жұмашқызына берілді;

2-ші орын «Kazinform» ақпараттық агенттігінің тілшісі Сабеков Серік Ермаханұлына берілді;

3 -ші орын «Tengrinews.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі Амрина Айым Оразалықызы берілді.

Конкурстың барлық жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігі осындай шараларды ұйымдастыру арқылы БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнату дәстүрін келешекте әрі қарай жалғастырмақ.

Хабарламаларға жазылу