Сәкен Майғазиев 4 балалы отбасына үлкен көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Майғазиев 4 балалы отбасына үлкен көмек көрсетті

23.06.2016
Сәкен Майғазиев 4 балалы отбасына үлкен көмек көрсетті

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, еңбек сіңірген қайраткер, «Дарын» сыйлығының иегері, әнші, «МузАрт» тобының өкілі Сәкен Майғазиев қасиетті Рамазан айында көп балалы отбасыға үлкен көмек көрсеткен. Бұл туралы «Садақа» қоры хабарлап отыр.

Сәкен Майғазиев 4 балалы отбасына үлкен көмек көрсетті

«Отыз күнге отыз ізгі амал" жобасының аясында әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік жағдайы төмен 4 балалы отбасыға қуаныш сыйлады. Сəкен аға 1 айға жететін азық-түлікпен қоса, киім-кешек және бір қой сойып апарды. Отбасындағы сал  дертіне шалдыққан  балаға арнайы аяқ жаттықтыруына арналған көлік (машина) қажет болғанын естіген Сəкен Майғазиев  жомарттық танытып, сол жерде көлік алуға қаражатын да тапсырды», - деп хабарланған қордың ресми парақшасында.

«Біздің жобамызға қатысып, мұқтаж отбасыға көмек беріп, елге қуаныш сыйлап жүрген ағамыздың атын атап, жақсылығын жария ету себебіміз, елге үлгі, жақсылыққа түрткі болатын ізгі бастамаға айналсын деген үлкен үміт, жақсы ниет жатыр», - деп толықтырып отыр қайырымдылық қорының қызметкерлері.

Сәкен Майғазиев 4 балалы отбасына үлкен көмек көрсетті

 

Хабарламаларға жазылу