Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2016 жылдың 3-ші шілдесінен бастап жаңа «Астана-Челябі» пойызы жолға шығады, «Жолаушылар тасысмалы» АҚ баспасөз қызметі.
«Бұл бағыт Ресей темір жолы компаниясымен бірлесіп жолаушылардың Челябіден №145/146 «Челябі-Мәскеу-Санкт-Петербор» пойызына ауысып мінуі үшін ыңғайлы жасалған. Енді еліміздің Рудный, Костанай және баска елді мекендердің тұрғындары үшін Ресей қалаларына тез жететін тамаша мүмкіндік туып отыр», - делінген хабарламада.
Пойыз Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Костанай және Троицк стансалары арқылы жүреді. Астанадан 16 сағат 00 минутта, ал Челябіден 10 сағат 56 минутта аттанады. Челябіге дейін жүретін уақыты - 19 сағат 26 минут, кері қарай -20 сағат 20 минут .
Пойыз Астана қаласынан 2016 жылдың 2-ші шілдесінен бастап, ал Челябіден 3 шілдеден бастап күнара қаатынайтын болады.