Рамазан айында Германиядағы ислам нарығы мен мейрамханалары қожайындары салықтан босатылады, деп хабарлайды Daily Times-қа сілтемемен maturidi.kz.
Салық жеңілдіктері туралы жарлыққа қол қойған Германия канцлері Ангела Меркель бұл шара Ораза кезінде мұсылмандар үшін азық-түлік бағаларының бағасын төмендеуге бағытталғанын атап айтты.
Ол әртүрлі конфессия өкілдерімен кездесу барысында діндерге ортақ баға берілуі тиістігін жеткізді. Сондай-ақ, Германия мұсылмандарының басым бөлігі ел Конституциясын құрметтейтін саналы азаматтар екенін ескерте кетті.
Еске салсақ, өткен жылғы Рамазанда Ангела Меркель Берлинде өткен мұсылман қауымының ауызашар кешіне қатысып, еуропа халқынан ислам діні мен мұсылмандарға құрмет көрсетуге шақырған болатын. Ол мұсылмандарды «Германияның бөлінбес бөлшегі» деп бағалады.