Елбасы РТЖ басшысы Олег Белозеровпен екі елдің транзиттік әлеуетін талқылады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Олег Белозеровпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ, екі елдің көлік әлеуетін іске асырудың перспективалы бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев теміржол компаниясымен ынтымақтастықтың табыстылығына назар аударып, осы саладағы серіктестікті инновациялық технологияларды енгізу және тасымалдар тиімділігін арттыру арқылы одан әрі дамыту қажеттігін айтты.
О.Белозеров Қазақстан тарапымен өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, таяу кезеңге арналған жұмыс жоспарлары жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маркетплейстердегі саудаға бақылау күшейеді
12.11.2026, 20:08
Құқықтық жүйені жетілдіру жолдары талқыланды
12.11.2026, 20:06
Үлкен ауылында атомшылар қалашығы салынбақ
12.11.2026, 20:05
Тұрғындар пікірі: Заң мен тәртіп - қоғам қауіпсіздігінің негізі
12.11.2026, 20:05
Заңға бағыну – бәріне ортақ міндет
12.11.2026, 20:04
Қара алтынның қайтарымы
12.11.2026, 20:03
Заң мен тәртіп – баршаға ортақ
12.11.2026, 20:03
Жеті жылда 655 мыңнан астам білім гранты бөлінді
12.11.2026, 20:02