2016 жылдың 1 мамыры бюойынша еліміздегі халық саны 17 753,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 10 129,0 мың (57%), ауылдықтар - 7 624,2 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 мамырға салыстырғанда халық саны 255,1 мың адамға немесе 1,46% өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылдың қаңтар-сәуірде туылғандар саны 131,1 (2015 жылғы қаңтар-сәуірде - 127,0) мың адамды құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 3,2%-ға көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 32% (34%), 29% (28%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,29 (22,02) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 45,0 мың адам. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға 7,65-тен келедің.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2015 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 4,5 мың адамға немесе 5,5% көбейіп, 86,1 (81,6) мың адамды құрады.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 23,9% кеміп, 4 142 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 16,3% көбейіп, 7 663 адамды құрады, көші-қонның айырымы -3 521 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 73,5% және 88,1% құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 17,6% азайып, 133 695 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,7% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (12 426 адам), Астана (16 адам) қалаларында және Павлодар (265 адам), Ақмола (249 адам), Қостанай (246 адам), Маңғыстау (196 адам), Атырау (190 адам) облыстарында қалыптасты.