Ағымдағы жылдың қолайлы ауа райы көктемгі егісті оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқтауға мүмкіндік берді. Облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылдың 11 маусымына ауыл шаруашылығы дақылдары 17,5 млн га себілді, бұл 2016 жылдың жаздық егісінің 95% құрайды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Жаздық масақты дәнді дақылдар шамамен 14,5 млн. га алқабына себіліп, толығымен аяқталды. Майлылар 1,9 млн. га астам алқапта (99,2%), көпжылдық шөптер - 329,2 мың га (100,2%), көкөніс-бақша - 227,9 мың га (104,0%), картоп - 182,9 мың га (99,3%), мақта - 108,2 мың га (97,8%) және қант қызылшасы - 12,0 мың га (97,2%) себілді. Кейбір облыстарда майлы дақылдар, көпжылдық шөптер егісі, көкөніс және картоп отырғызу аяқталмаған.
2016 жылғы өнімге 2,4 млн. тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы себілген, оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы - 2 млн. тонна, майлы дақылдар - 57 мың тонна, жемшөп дақылдары - 24,7 мың тонна, картоп - 338,4 мың тонна.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд. теңге бюджеттік несие берілген. Ағымдағы жылдың 9 маусымдағы жағдай бойынша 55,7 млрд. теңге сомасында 1666 өтінім қаржыландырылды.
Сонымен қоса, барлық бағыттар бойынша өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 35 млрд. теңге бөлінді.
2016 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердін қажетті дизель отынының көлемі 366,8 мың тонна мөлшерінде айқындалды. Ағымдағы жылдың 10 маусымдағы жағдай бойынша 308,4 мың тоннасы (84%) жөнелтілді.
Саланы химияландыруды дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Ағымдағы жылы минералдық тынайтқыштар мен гербицидтердін құнын арзандатуға 26,6 млрд. теңге бағытталды.
Айрықша қауіпті зиянкес организмдермен күресуді жүргізу үшін шамамен 5,2 млн. га алқапта химиялық өндеу жүргізуге мүмкіндік беретін республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінген болатын.