БҚО әкімі Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Б.Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО әкімі Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Б.Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті

13.06.2016
БҚО әкімі Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Б.Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметкер, кіші сержант Берікжан Қалиевтің отбасына Зашаған кентіндегі үйден үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Өңір басшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес бұдан былай да марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді. Осының алдында мемлекет тарапынан 5 млн. теңге көлемінде материалдық жәрдем берілді. Батырдың жары Нұрсұлу осы шағынаудандағы мектепке орналастырылды. Балалары аталмыш білім ордасына, кішісі шағын орталыққа барады. Ал пәтер жиһаздарын батысқазақстандық кәсіпкерлер алып берді.

БҚО әкімі Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Б.Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті

Нұрсұлу Қалиева отбасына көрсеткен қамқорлығы үшін Елбасына алғысын айтты.

Еске сала кетейік, Ақтөбедегі 6655-әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет атқарған Б.Қалиев 5 маусым күні лаңкестер шабуылы кезінде қаза тапқан болатын. Оның артында жұбайы, екі ұл, қос қызы қалды. Бұған дейін олардың отбасы бір бөлмелі пәтерді жалдап келген еді.

БҚО әкімі Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Б.Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті

Хабарламаларға жазылу