32 жастағы Қостанай тұрғыны «Одноклассники» әлеуметтік желісінде өзіне жала жапқан танысын жазаға тартылуына қол жеткізді.
Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған, - деп хабарлады Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі. - Қала тұрғындарын Б-ға сенбеуге үгіттеген А. оның фотосуретін де желіге салған».
Сот отырысы барысында азаматша Б-ның алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығының дәлелі табылмаған. Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азаматша А. ҚР ҚК-нің 130 бабы 2 бөлігі бойынша (жала жабу) айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Облыстық сотта қалалық соттың үкім өзгертілмей, сотталушының оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шағымы қанағаттандырылмады.