Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады
Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмасбек Марс мәлім етті.
«Біз ағымдағы жылы бункерлік салмақта өткен жылғы деңгейден төмен емес, шамамен 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжап отырмыз», - деді ол.
Сонымен қатар комитет төрағасының орынбасары бүгінде әлемнің көптеген елдері Қазақстан астығына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Осы ретте ол ағымдағы маркетинг жылында 7-7,5 млн. тоннадан кем емес астық сыртқа шығарылатындығын айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маркетплейстердегі саудаға бақылау күшейеді
12.11.2026, 20:08
Құқықтық жүйені жетілдіру жолдары талқыланды
12.11.2026, 20:06
Үлкен ауылында атомшылар қалашығы салынбақ
12.11.2026, 20:05
Тұрғындар пікірі: Заң мен тәртіп - қоғам қауіпсіздігінің негізі
12.11.2026, 20:05
Заңға бағыну – бәріне ортақ міндет
12.11.2026, 20:04
Қара алтынның қайтарымы
12.11.2026, 20:03
Заң мен тәртіп – баршаға ортақ
12.11.2026, 20:03
Жеті жылда 655 мыңнан астам білім гранты бөлінді
12.11.2026, 20:02