2016 жылғы ҰБТ туралы ақпарат
2-9 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61739, орыс тілінде – 22340 бітіруші.
Тестілеу сегізінші күні 1 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
125 балл жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Олардың саны 19 адамды құрайды:
- Алматы қ.- 6
- Оңтүстік Қазақстан облысы – 6
- Шығыс Қазақстан облысы – 2
- Павлодар обл. – 2
- Астана қ. – 1
- Батыс Қазақстан облысы – 1
- Қарағанды обл. - 1
Тестілеудің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші;
- емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;
- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші;
- тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі – 1 бітіруші.
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болды. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданды.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы