Басты Жаңалықтар Серік Қараманов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды

Серік Қараманов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды

Серік Қараманов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың 2016 жылғы 10 маусымдағы №132/6 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі Қараманов Серік Сәдуақасұлы Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

1955 жылдың 25 қазанында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келді. Аға әділет кеңесшісі. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ң заң факультетін тамәмдаған (1979 ж).

Еңбек жолы 1979 жылы Алматы қаласы Ленин ауданы прокуратурасының тергеушісінен басталған.

1984-1986 жылдары - Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының орынбасары. 1986-1991 жылдары - Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры. 1991-1995 жылдары - Алматы қаласы прокурорының орынбасары,

1995-1998 жылдары - Жамбыл облысының прокуроры,

1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Азаматтық, әкімшілік, шаруашылық істер және атқарушылық өндіріс бойынша сот қаулыларын қадағалау департаментінің басшысы,

2001-2004 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары,

2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Қылмыстық істерді сотта қаралуын қадағалау бойынша департамент бастығы,

2005-2007 жылдары - Қарағанды облысының прокуроры,

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының басшысы,

2008-2009 жылдары - Астана қаласы прокурорының орынбасары,

2009-2010 жылдары - Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары,

09.12.2010 - 06.09.2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаментінің басшысы, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап, Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарды.

Бөлісу