Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің күшеюі сақталады. Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Манғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.