Бүгін - Қазақстанда экологтар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстанда экологтар күні

05.06.2016
Бүгін - Қазақстанда экологтар күні

Бүгін - Қазақстанда экологтар күні. Кәсіби мереке «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңында көрсетілген. Мұндағы кәсіби мерекелер тізімі 2011 жылы жаңғыртылған.

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып өткізіледі.

5 жыл бұрын (2011)  Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы классикалық музыкаға арналған «Classic» радиостанциясы пайда болды.

10 жыл бұрын (2006) «Атамұра» баспасынан белгілі тарихшы-ғалым және қоғам қайраткері, академик Манаш Қозыбаевтың (1931-2002) «Таңдаулы еңбектері» жарық көрді.

16 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Тахауи Ахтанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

17 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Бәйдібек баба мен Домалақ ана, қасиетті Бес ана кесенесінің ашылу рәсімі өтті.

18 жыл бұрын (1998) Астанада Қажымұқан атындағы Орталық стадионның ашылу рәсімі болды.

24 жыл бұрын (1992) Талдықорған облысы Қапал ауданының Қарашоқы мекенінде ақын Сара Тастанбекқызына ескерткіш ашылды.

36 жыл бұрын (1980) Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұловаға арналған мұражай ашылды. Мұражайға қойылған іс-қағаздар, газеттер, фотосуреттер мен өнер туындылары қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың (1924-1944) өмірін суреттейді.

36 жыл бұрын (1980) Дзюдодан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Шолпан ҚАЛИЕВА дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1955) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік және Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы Мырзакәрім АЛШЫНБАЕВ дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938) Әулиеата қаласына ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жамбыл - Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ол әр жылдары Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян деп аталған болатын. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға оның көне атауы Тараз қайта берілді.

Хабарламаларға жазылу