«Айтуға оңай» бағдарламасына қатысқан Асан есімді жігіт анасымен 13 жылдан кейін табысты
Асан басынан жарақат алып, соның салдарынан өткен өмірін ұмытып қалғаны анықталды. Медициналық тексеру жасалған-ды. Кісі қолында жалданып жұмыс істеген жігіт туыстары мен жақындарын іздеп жүрген сәтте, Ұлттық арна тілшілерін «Айтуға оңай» бағдарламасына Қырғызстаннан келген кейуана елең еткізді.
Сайыпжамал Арықбаеваның айтуы бойынша тұңғышы Асан 2003 жылы Қазақстанға жұмыс істеуге кеткен. Алғашында Алматы облысы, Шелек елді мекенінде Емберген Жексенов деген кісінің қолында егін егумен айналысып жүргенін айтып хабарласады. Содан 13 жыл бойы байланыс үзіледі. Сайыпжамал шешейдің қолында ұлының туу туралы куәлігі де бар болып шықты.
Осыған дейін бірнеше адамнан алынған ДНК сараптамасы Ош облысы, Жалпақтас елді мекенінен келген Сайыпжамал Арықбаевадан да алынды.
Арада 13 жыл өткенде Қырғыз жерінен біздің елге нәпақа табуға келіп, есінен айырылған Асан Арықбаев осылайша анасымен қауышты. Ана мен бала табысты ең бастысы. Балалар жоғалмасын, аналар мұңаймасын.
Мирас МҰҚАШ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25