Көне мүйізтұмсықтың қаңқасын зерттеу ғылымға тың жаңалық әкелді

Павлодар облысы аумағынан табылған эласмотерий мүйізтұмсығының қаңқасы әлемдік палеонтология саласы үшін тың жаңалыққа айналуы мүмкін. Себебі, сүйекті зерттеген Ресейлік ғалымдар бұл жер бетіндегі «ең жас эласмотерий» деген шешімге келді.
Эласмотерий– Еуразия даласын мекендеген жануарлардың ішіндегі ең байырғысы саналады. Яғни, қазіргі мүйізтұмсықтардың арғы тегі. Ал, 1988 жылы Ертіс жағалауынан табылып, Павлодардағы музейге тапсырылған мүйізтұмсықтың бас сүйегі палеонтология ғылымы үшін сенсацияға айналатынын ешкім де болжамаған. Жақында көміртегі сараптамасын жасату үшін сүйектер Ресейдің Омбы қаласына жіберілді. Іле ол жақтан бұған дейінгі ғылыми дәлелденген деректер өзгерді деген хабар жетті.
Павлодар музейінде тұрған мүйізтұмсық қаңқасы жер бетінен табылған ең жас эласмотерий сүйегі болып отыр. Бұған дейін бұл жануарлар 350 мың жыл бұрын өмір сүрген деп саналатын. Ал, көміртек сараптамасы қаңқаға небары 26 мың жыл болғанын көрсетті.
Толығырақ Ұлттық арнадағы Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
100-ге жуық тарихи нысан тазаланды
13.11.2026, 10:11
Жолдаудағы міндеттер: Тұрғындар не дейді?
13.11.2026, 10:09
«Есірткісіз болашақ» форумы өтті
13.11.2026, 10:06
Қоғамдық бақылау күшейеді
13.11.2026, 10:05
Украинаға қатысты жаңа келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
13.11.2026, 10:05
Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты
13.11.2026, 10:05
7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған
13.11.2026, 10:04
Емханалардағы өзекті мәселелер халықаралық конгресте талқыланды
13.11.2026, 10:02