Басты Жаңалықтар 7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған

7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған

Елімізде соңғы жеті жылда 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынған. Оның 800-ден астамы соңғы үш жылда пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің ақпаратынша, жаңа  ғимараттардың 95%-ы дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер. Жалпы, 2019 жылдан бері 200-ден астам ауылда емдеу мекемесі ел игілігіне берілген. Осылайша, бір миллионға жуық адам аудан орталығына сабылмай, үйіне жақын жерде сапалы медициналық көмек алады. Сонымен бірге, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 655 нысан бой көтерген. Оған қоса 32 аудандық аурухана жаңартылып жатыр. Саланы одан әрі дамыту үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Құжатта заманауи көпбейінді ауруханалар салу, ескірген медициналық ғимараттарды жаңарту және медициналық ұйымдарды жобалаудың халықаралық стандарттарын енгізу көзделген. 

Сондай-ақ, соңғы жеті жылда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,3 трлн теңге бағытталды. Жыл сайын орта есеппен 3,3 млн науқас қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. 2019–2025 жылдар аралығында дәрі-дәрмек үшін бөлінген қаржы көлемі үш есеге өсті. Ал, биыл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 584,1 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.

Бөлісу