Қоғамдық бақылау күшейеді
Қазақстан Халық Кеңесінде азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған 51 бастама талқыланды. Негізгі ұсыныстар қоғамдық бақылауды күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік қолдауды жетілдіруге қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдар алдындағы жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Сондай-ақ оңалту орталықтарына бірыңғай талап енгізу және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсетудің ортақ жүйесін құру мәселесі көтерілді. Бұдан бөлек, волонтерлікті дамыту, жастардың белсенділігін арттыру және үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасы талқыланды. Жиын қорытындысында барлық ұсыныс сараптамалық пысықтауға жіберілді.
Найла Мұхтарова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
Бүгінгі күні жастар қозғалысына елімізде, қоғамымызда белсенді т салысып жүрген жастар лидерлерді жинақтау, солардың кандидатурасын қарау басталып кетті. Менің ойымша әрбір Халық Кеңесінің мүшелері жастармен бірлесіп, қандай да бір бастаманы жүзеге асырып жатса, жастардың әлеуетін пайдалана білу деген мағғынаны білдіреді деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы