Басты Жаңалықтар Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты

Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты

АҚШ астанасы Вашингтонда атыс болып, 1 адам мерт болды. Төрт адам жараланған. Ал шабуылға күдікті ер адам полициямен текетіресте өзіне-өзі оқ атып, қаза тапты. Атыс Ақ үйден шамамен 1,5 шақырым қашықтықтағы Логан-Серкл ауданындағы спорт залда басталған. Оқ атқан 55 жастағы АҚШ азаматы Мэтт Уэйд Ламберт екені мәлім болды. Әзірге оның қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге сай, күдікті мен ол тұрған үйдегі пәтер иелері қауымдастығы арасында болған дау көптен шешілмей келе жатқан. Бәлкім атысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін. 

Бөлісу