Емханалардағы өзекті мәселелер халықаралық конгресте талқыланды
Емханалардағы кадр тапшылығы, медицина қызметкерлерінің шамадан тыс жүктемесі мен қызмет сапасын арттыру мәселелері әлі де өзекті. Бұл проблемалардың шешу жолдары Астанада өткен халықаралық конгресте талқыланды. Жиынға 8 елден 95 делегат қатысып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Конгреске еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам медицина маманы жиналды. Шарада Назарбаев университеті Орталық Азиядағы 7 медициналық және академиялық ұйыммен меморандумдарға қол қойды. Басты мақсат – медициналық білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту, кадр даярлау сапасын арттыру және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру.
Антонио Саррия-Сантамера, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Ең алдымен, ауруларды ерте анықтау, диагнозды дұрыс қою және науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру маңызды. Бұл аурудың асқыну қаупін азайтып, алдын алуға мүмкіндік береді. Вакцинация да аурудың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Көптеген елдерде халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына ықпал еткен факторлардың бірі осы. Әсіресе балалар арасында вакцинамен алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шараларын күшейту қажет.