Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 27 наурыз күні түнгі сағат бірде дабыл соғылып, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған әскери шара барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов Құлан ауылындағы 03811, Бауыржан Момышұлы ауылындағы 91678, Тараз қаласындағы 85395 әскери бөлімдерінің және «Теріс-Ашыбұлақ» полигонының жауынгерлік әзірлігі мен қабілеттілігінің деңгейін тексерді.
Бұл бөлімшелер белгіленген уақыт мерзімінде «Теріс-Ашыбұлақ» полигонына жиналып, қойылған міндеттерді орындады. Сондай ақ, жылжымалы басқару пункті, байланыс желісі және басқа да құрылымдар орнатылды.
Тараз қаласындағы 85395 әскери бөлімінде тексерістің қорытындысы шығарылып, онда бөлімдердің жинақылығы мен ұтқырлығы және олардың белгіленген ара-қашықтықты жедел еңсеру мүмкіндігі тексерілді.
Кенеттен тексерістің басты мақсаты әскери бөлімдер мен оның құрылымдарының төтенше жағдайлар, лаңкестік әрекеттер қаупі төнгенде және орын алған кездегі үйлесімді әрекетін бағалау, сулы және таулы аумақтағы тапсырмаларды орындау болып табылады. Тек осындай тексеріс шараларының негізінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірудегі және белгіленген аумаққа шоғырланудағы командирлер іс әрекетінің тиімділігін айқындауға болады.

Kaznews.kaztrk.kz