Қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов дүние салды

Қазақ спорты тағы бір қара нарынан айырылды. Жексенбіде қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов 78 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Әбілсейіт Рүстемұлы 1938 жылы 15 сәуірде сол кездегі Талдықорған облысында туған. Еркін күрестен ауыр және жартылай ауыр салмақта белдескен ол 1958-1969 жылдар аралығында Қазақстан чемпионатын 11 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионы (1963 ж.), КСРО Кубогының иегері (1970 ж.). 1958 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған палуан 1968 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1963 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген Әбілсейіт Айханов Қазақстанда спорт саласының дамуына да өлшеусіз үлес қосқан маман. Дене тәрбиесі теориясының профессоры шәкірт тәрбиелеуде де өзіндік із қалдырды.
Әлемнің 50-ден астам елінде оның құрметіне КСРО гимні шырқалды. Сондай-ақ, Айхановтың есімі үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведьті жеңген палуан ретінде де тарихта қалады.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды
10.07.2026, 20:12
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
10.07.2026, 20:11
Қазақстанда цифрлық активтерді заңдастыру басталады
10.07.2026, 20:08
«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
10.07.2026, 20:08
Халықтық Конституция - азаматтардың ақысыз медициналық көмек алуының кепілі
10.07.2026, 20:07
Абай полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды
10.07.2026, 20:06
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысы күшейеді
10.07.2026, 20:06
Alatau City: 51 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр
10.07.2026, 20:05