Елге еңбегі сіңген азаматтарға «Құрмет» ордені табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге еңбегі сіңген азаматтарға «Құрмет» ордені табыс етілді

15.12.2015
Елге еңбегі сіңген азаматтарға «Құрмет»  ордені табыс етілді
Елге еңбегі сіңген азаматтарға «Құрмет»  ордені табыс етілді

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне, экономика мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан, ақпарат, спорт, өнер және өзге де салаларда жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етілді. Солардың қатарында Елбасының Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапатталған қайраткерлер де бар.

Елге еңбегі сіңген азаматтарға «Құрмет»  ордені табыс етілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 124 Жарлығына сәйкес «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова марапатталған болатын. Сондай-ақ, «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында Алматы облысының «Қапшағайауырқұрылыс» АҚ бас директоры М.Айсауытов, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК кафедра меңгерушісі Ю.В.Архипов, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК ойма шебері Е.Т.Ахметов, Оңтүстік Қазақстан облысы «Бірінші мамыр» жалпы орта мектебі» КММ директоры П.Аюбаев, «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС аға ғылыми қызметкері А.Н.Гарькавец, «Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ бас директоры Н.К.Ерімбетов марапатталды.

Сонымен қатар, осы орденмен марапатталғандар арасында «Маңғыстау облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы С.Б.Жақаева, Ақмола облысы «Ізбасаров және К» ЖШС директоры Б.Қ.Ізбасаров, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК техник-балық өсірушісі Г.С.Ихсан, «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК әртісі А.Н.Кенжебекова, ақын Ө.Н.Күмісбаев, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ш.У.Нурумов, Алматы қаласы «Белорус мәдени орталығы» РҚБ төрағасы Л.Н.Питаленко, Астана қаласы «Оңтүстік» ақпарат-логистика орталығы» - «Қазпошта» АҚ филиалының жолсерік-электр жөндеушісі С.П.Русанов, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеулер институты» РМК бас консультанты А.Ж.Рысмендиев, «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжі» РМҚК директоры Ж.Сейдуллаұлы, «Простор» журналының редакторы Л.К.Шашкова бар.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу