Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында 2015 жылғы күзгі шақырылым бойынша келген жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі аяқталды. 4000-ға жуық қазақстандық Отанға деген адалдыққа ант берді және ресми түрде Қазақстан армиясының қатарына кірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы күзде жаңадан әскерге шақырылғандардың ант қабылдау рәсімі қарашаның 14-і мен желтоқсанның 6-ы аралығында өтті. Осы уақыт ішінде әскери антты «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Әуе қорғанысы күштерінің, арнайы әскерлердің, Әскери полициясы бас басқармасының әскери бөлімдерінің, Армия орталық спорт клубы мен Байланыс бас басқармасының сарбаздары қабылдады.
Ант берудің соңғы рәсімі өткен аптада өтті. Оның ішінде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Аягөз гарнизонының 10810 және 10181 әскери бөлімдерінде әскери антқа 210 жаңадан шақырылушы, 27943 әскери бөлімінде 250 жас сарбаз, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөлімінде 260 шақырылушы, 41433 әскери бөлімінде 80 жас сарбаз Отан алдында ант берді.
Осымен шақыру мен жасақтау толық көлемде аяқталды деп есептелінеді. Алайда, шақыру кампаниясы аяқталғанымен, жас сарбаздардың әскери ант беруінен кейін олар үшінә скери қызметтің қызығы мен шыжығы басталады. Алдағы уақытта олар Отан алдындағы бір жылғы борышын өткеріп, күрделі әскери ғылымды меңгеруі қажет.
2015 жылдың күзінде Қарулы Күштердің әскерлеріне 4 мыңға жуық бозбала шақырылған болатын. Жастар әскер қатарына еліміздің барлық өңірлері мен облыстарынан шақырылды. Жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша жүргізілді. Жалпы алғанда, ағымдағы жыл бойынша Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі шақырылым жоспары 100%-ға орындалды.

Kaznews.kaztrk.kz