Комиссия әскери теңізшілердің дайындығын тексерді

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің түрлі кемелері шынайы ұрыс жағдайына мейілінше ұқсас жаттығуларды аяқтады. Теңізшілердің әскери дайындығын тексеруге Қарулы күштер Бас штабынан комиссия келген. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңертең, кенеттен басталған тексеру кезінде «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» кемелері мен «Жайық» гидроакустикалық кемесі теңізге шыққан. Әскери кемелер жеке дара және топпен жүзіп әскери дайындықтарын пысықтады. Каспий теңізінің Түпқараған аймағында «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемелері мен «Жайық» гидроакустикалық кемесі зениттік, артилерриялық қондырғылардан, ірі калибрлі пулеметтерден, сондай-ақ жауынгерлердің атыс қаруынан оқ атып, дайындық өткізді.

Теңізшілер қару-жарақты қаншалықты меңгергендігін комиссия мүшелеріне көрсетті. Сондай-ақ, кемелердің үйлесімді қимылдары да пысықталды.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03