Көктайғақтың зардабы аз болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктайғақтың зардабы аз болмай тұр

26.11.2015
Көктайғақтың зардабы аз  болмай тұр
Көктайғақтың зардабы аз  болмай тұр

Соңғы күндердегі ауа-райының аяқ астынан жылынып кетуіне байланысты Астана мен қала төңірегінде көктайғақ пайда болды. Көктайғақтың кесірінен тайып жығылып, жарақат алғандар саны бас қалада 250 ден асқан. Бұл туралы Астанадағы «Травмотология және ортопедия ғылымыи зерттеу институтының» баспасөз қызметі хабарлады

Деректерге қарағанда бұрын медициналық мекемелерге келетін жарақаттанғандардың саны күніне 40 адам шамасында болады екен. Бірақ, олар әртүрлі жағдайда жарақат алады. Ал, 25 қарашада дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер саны 103 адам болыпты. Олардың көбі көктайғақтың кесірінен жараланғандар болса керек.

Дегенмен, қалалық коммуналдық қызметтер жолдар мен көшелерді мұздан тазартуда. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жазылды. Деректерге қарағанда, көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігі үшін жолдың жүретін бөлігіне, тротуарларға, жаяу жүргіншілер жолдарына құм-тұз қоспасы төселді. Қазіргі кезде көшелерді тазартуға 255 техника бірлігі жұмылдырылды, қаланың үш ауданында 24 құм төсейтін техника жұмыс істеп жатыр. Техника саны қажеттігіне қарай көбейтілетін болады. Көшелерді тазарту жұмыстары екі ауысыммен жүргізіліп жатыр.

Көктайғақтың зардабы Ақмола, Қостанай облыстарында да аз болмай тұр. Ақмолада жолдар жабылса, Қостанайда 400-дей адам мұзға тайып жығылғандықтан жарақат алған.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу