Тараз қаласының аумағы 15 мың гектарға кеңейеді

Тараз қаласының аумағы кеңейе түспекші. Ол үшін көршілес жатқан аудандардан жер тілімдері бөлініп, қала аумағына өтетін болды. Бұл туралы Қазақ радиосының Жамбылдық облысындағы тілші Бақытжан Советұлы хабарлады.
Жаңадан бекітілген Бас жоспарға сәйкес Тараз қаласына Байзақ және Жамбыл аудандары аумағынан 15 мың гектар жер берілген. Оның өзі облыс орталығының аумағын кеңейтіп , құрылыс жұмыстарын жүргізуге тың серпін беруде. 6 мың гектар жер телімі жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған қала тұрғындарына бөлінетін болады. Сонымен қатар Тараз қаласында бей-берекет орналасқан базарлар жабылып, ол жерлер басқа мақсатқа пайдаланылады. Облыстық сәулет қала құрлысы басқармасының басшысы Ержан Ахметов: «Біз зерделеген 12 базардың 10-ы бекітілген бас жоспарға сәйкес келмейді. Яғни, ол базарлар қолайсыз жерлерде орналасқан. Нақты айтсақ, қызыл сызықтың, арықтардың, инженерлік жүйелердің бойына салынған. Басқарма тарапынан жіберілген хатта көрсетілгендей, бұл базарлар біртіндеп қаладан алынатын болады. Себебі, олар санитарлық талаптың ешбірімен сәйкес келмейді».
Қала аумағы кеңейтілгелі құрылыс та қарқын ала түскен. 13- шағын аудан қала тұрғындарының пайдалануына берілсе, ондағы әлеуметтік нысандармен жаңа аурухана және зәулім спорт сарайы да бой көтерді. Қаланың шығыс және батыс жағында жеке тұрғын үйлер де жаппай салынып, инфроқұрылымдары да жүргізіліп жатыр.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза жағалау»: Астанада Сарыбұлақ өзенін тазарту акциясы өтті
07.07.2026, 16:10
Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді
07.07.2026, 14:42
«Таза Қазақстан»: «Жасыл елдің» 80-нен астам сарбазы ескерткіш аумағын абаттандырды
07.07.2026, 12:52
Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын ба? - Сауалнама
07.07.2026, 11:46
Америкадағы аладоп аламанының атмосферасы
06.07.2026, 20:21
Этна жанартауы оянды
06.07.2026, 20:18
Үндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді
06.07.2026, 20:18
Шебер 30 жылда үш мыңнан астам домбыра жасаған
06.07.2026, 20:17