«BAQ.KZ» ақпараттық порталының ашылғанына 5 жыл толды

Отандық масс-медиа саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген, интернеттің қазақ тіліндегі сегментіндегі басты ақпараттық сайттардың біріне айналған Baq.kz ақпараттық порталының құрылғанына 5 жыл толды. 2010 жылы «Қазконтент» АҚ жанынан құрылған портал интернет желісінде барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосып отыр.
Портал республикалық және аймақтың БАҚ-тың интернеттегі сілтемелерін жинақтау арқылы оқырманның бір қайнардан ақпарат алуына мүмкіндік жасап берді. Бүгінде әлемдегі және ел ішіндегі жаңалықтарды 20 айдар арқылы оқырманға ұсынатын порталда мемлекеттік тілдегі 91 газет пен журнал, 301 электронды БАҚ сайттарының сілтемелері топтастырылған. Сонымен қатар, портал 6 радио мен 15 телеарнаны онлайн түрде өз тұтынушыларына ұсына алады. Күніне 100 ден астам ақпарат жариялайтын портал 5 жыл ішінде 200 мыңннан астам жаңалықты оқырманға жеткізіп үлгерді. Сонымен қатар, өздерінің жеке сайттары жоқ жергілікті 270 газетке арналған арнайы парақшалар да бар мұнда. Ал, порталдағы блоггерлер саны қазір 329 ға жетіп отыр. Олар күні бүгінге дейін 5787 жазба жариялаған.
2014 жылы Award.kz ұлттық интернет байқауының «Масс-медиа» номинациясында үшінші орынды иеленген портал қазіргі таңда интернеттегі қазақ тілді сайттар рейтингісінде алдыңғы қатарда келе жатыр. Портал тек қана қазақ тілінде, кирилл, латын және төте жазу нұсқаларында ақпарат таратады.
Отандық ақпарат кеңістігінде өз орынын алып үлгерген порталдың әлемнің түпкір-түпкірінде оқырмандары бар. Төрткүл дүниеге тарыдай шашыраған алаш баласына атамекендегі және шетелдердегі жаңалықтарды ана тілімізде ұсынып отырған портал жұмысына табыс тілейміз. Әріптестер еңбегінің жана беруіне тілектеспіз.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10