Бұғылар «мінез» көрсете бастады

Қостанай облысында бұғылар адамға «шабуылдай» бастады, - деп хабарлайды Қазақ радиосының осы өңірдегі меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев.
Алғашқы тосын дерек қыркүйек айында, Қарабалық ауданында тіркелген. Ол жолы аузынан ақ көбік ағып, көзі алайып, тракторды сүзіп, жүргізушіге ұмтылған аналық бұғыны жергілікті мал дәрігері атып өлтіріп, сынама алып, оны зертханаға жіберген. Зертханалық тексеру түз жануарының құтырма ауруына шалдыққанын анықтады.
Бұл жағдай жуырда ғана тап осы аймақта екінші рет қайталанды. Бұл жолы аталық бұғы жеңіл көлікке қарсы шапқан. Оның да көзі жойылып, сынама алынып, тексеруге жіберілді.
Әзірге қорытынды шыққан жоқ. «Облыста орман және үй жануарларына алдын алу шаралары тұрақты өткізіледі. Бұл бірді-екілі оқиға. Қатер өршиді деп қауіптенудің қажеті жоқ», - дейді облыстық ветеринария басқармасы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Шоқан Тасмағанбетов.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Astana AI Week 2026» халықаралық форумы басталды
07.07.2026, 20:56
«Qyzyljar Music Fest» музыкалық фестивалі өтіп жатыр
07.07.2026, 20:55
Экомәдениет қалдықты сұрыптаудан басталады
07.07.2026, 20:53
Заң үстемдігі – әділетті қоғам кепілі
07.07.2026, 20:40
Қостанайда кәсіп бастауға 200-ден астам қайтарымсыз грант беріледі
07.07.2026, 20:39
Алакөлге 2 миллионнан аса турист келеді
07.07.2026, 20:28
Алматыда жыл соңына дейін 8 мың автотұрақ ақылы болады
07.07.2026, 20:27
Euronews қазақ тілінде халықаралық хабар таратуды бастады
07.07.2026, 20:21