Қазақстанда LiveJournal блог-платформасы қызметіне қайта кірісті

Қазақстанда әлемге танымал LiveJournal блог-платформасының жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму мнистрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми органның таратқан деректеріне қарағанда LiveJournal блог-платформасының әкімшілігі Қазақстан тарапының өтініштерін орындаған. Соның нәтижесінде, платформаға біздің елдің интернет кеңістігінде қызмет жасауға рұқсат беріліп отыр.
Естеріңізге салар болсақ, 2011 жылдың 20 тамызында Астана қаласы, Сарыарқа аудандық соты ел аумағында LiveJournal блог-платформасын жабу туралы шешім шығарған болатын. Сол жылы Wordpress блог-платформасы да жабылған еді. Кейін соңғысы қайта ашылған. Блог-платформаларлың жабылуына онда заңға қайшы материалдардың жариялануы себеп болған. LiveJournal-да да, Wordpress-те де терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын контенттер кездескен. Қазақстан тарапы сондай мазмұндағы материалдарды жарияламауды сұраған болатын. Платформа әкімшілігі бұл талаптарды орындады. LiveJournal Қазақстан аумағында бүгіннен бастап интернет қолданушылар үшін қолжетімді болады.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03