Жігерлі Зияттың бағындырған белестері аз емес
Екі көзі көрмесе де ол қолына тиген шахмат фигураларын ешқашан шатастырмайды.
Назарбаев университетінде ерекше қабілетті студент оқиды. Қос жанарынан айырылған Зият Әбдіқайымов сіз бен біз секілді қолына қалам ұстай алмаса да, еліміздің белді оқу ордасына түсу үшін скайп арқылы емтихан тапсырып, сынақтан сүрінбей өткен. Ол он екі мүшесі сау азаматтардан өзінің еш кем еместігін көрсете білді.
Зият қолына тиген шахмат фигураларын ешқашан шатастырмайды. Бүгін де, әдеттегідей қарсыласын ығыстырып барады. Оны жеңіске бастайтын жанары емес, сезімтал саусағы.
Жас жігіттің көзі көрмейді. Соған қарамастан, жігерлі Зияттың бағындырған белестері аз емес. Ол 2012 жылы жастар арасында шахматтан өткен республикалық чемпионатқа қатысып, II орынды иеленген.
Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙ

Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҮндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді
06.07.2026, 20:18
Шебер 30 жылда үш мыңнан астам домбыра жасаған
06.07.2026, 20:17
Жер сілкінісінен кейін республикалық автожолдар шұғыл тексерілді
06.07.2026, 20:16
АЭС құрылысында 10 мың адам жұмыспен қамтылады
06.07.2026, 20:16
Түркістан облысында 100-ге жуық мектеп жөнделіп жатыр
06.07.2026, 20:14
Creative Aimaq жобасы аясында креаторлар 4,9 млн теңгенің өнімін сатты
06.07.2026, 20:07