Шығыс Қазақстанда «Браконьер» жедел алдын алу шарасы мәресіне жетті. 20 күнге созылған рейд барысында облыстық табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері 300-ден аса заңбұзушылық әрекеттерді анықтап, заңсыз балық аулау құралдары мен түрлі қару-жарақты тәркіледі деп хабарлайды осы өңірдегі Қазақ радиосының тілшісі Дәулет Бақытбекұлы.
Күшейтілген режимде жұмыс істеген полицейлер заңсыз аң аулап, ормандардағы ағаштарды кесіп жүрген азаматтарға тосқауыл болды. Күрежолдарда көліктерді тоқтатып, азаматтардың аңшы мылтығына рұқсаты бар-жоғын тексерді. Осы күндері табиғатқа зиян келтіргендердің көпшілігі - заңсыз балық аулағандар. 20 күн ішінде браконьерлер 7 тоннадан аса балық аулаған. Ал Аягөз ауданында браконьерлер «Қызыл кітапқа» еңген саджа тұқымдас құстардың 14-ін атты.
«Жиырма күн ішінде 324 заң бұзушылық әрекет анықталды. Соның ішінде: аң аулау ережесі бұзылған 138, балық аулаудың 98, заңсыз ағаш кесудің 13 фактісі мен оқ ататын қарулардың заңсыз сақталуы мен қолданудың 56 дерегі тіркелді. Кінәлі азаматтар жауапқа тартылды».- дейді облыстық табиғат қорғау бөлімінің басшысы Сергей Осинцев.
Kaznews.kaztrk.kz