Қостанайда 48 мың гектар жердің дақылы әлі жиналған жоқ

Былтыр Қостанай облысында 90 мың гектарға жуық астық қар астында қалған еді. Биыл астық олай ысырап болмайды. Өйткені, қостанайлық шаруалар дәнді дақылдарды толық жинап алды. Алайда, майлы дақылдарға қатысты мәселе жоқ емес. Бұл туралы Қазақ радиосының Қостанайдағы тілшісі Нұрқанат Құлабаев хабарлады.
Қостанай облысында шаруалар биыл 4 млн 18 мың гектар алқаптан 5 млн тонна астық жинап алды. Жалпы, өңір дихандары биыл орта есеппен гектарына 12 центнерден өнім алып отыр. Енді қалғаны - майлы дақылдар ғана.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Қабделов биыл Қостанайда 335 мың гектар алқапқа майлы дақыл өнімі егілгенін айтады. Бірақ, әлі 48 мың гектар алқаптағы майлы дақылдар жиналмапты. Дегенмен, майлы дақылдарды суық күнде де жинауға болатын көрінеді. Аязды күндері де бұл өнімнің сапасы кемімейді. Сондықтан, Жаңа жылға дейін қостанайлық шаруалар бұл дақылдарды жинап алмақшы. Жалпы, Қостанайда биыл астық пен майлы дақылдардан бөлек, 58 мың тонна картоп, 19 мың тонна көкөніс жиналған.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03