«Ақтөбе аймағының тарихи тұлғалары» атты жинақ жарық көрді
«Ақтөбе аймағының тарихи тұлғалары». Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Құдайберген Жұбанов атындағы Мемлекеттік университеті бірлесіп шығарған жинақ осылай аталды. Бұл туралы Қазақ радиосының Ақтөбедегі меншікті тілшісі Мейрамгүл Рахатқызы хабарлады.
Бұл — тарихшылардың, өлкетанушылар мен журналистердің бірлескен шығармашылық жұмыстарының жемісі.
Жинақта сонау ерте ғасырлардағы Қобыланды батыр мен Әбілқайыр ханнан Шығанақ Берсеев пен Әлия Молдағұловаға дейінгі белгілі тұлғалардың өмірі мен тарихтағы ролі туралы мәліметтер топтастырылған.
«Соңында іздеушісі жоқ, сонау зұлмат жылдары «халық жауы» ретінде қудаланған кейбір тарихи тұлғалар туралы мәліметтер аз болды, дегенмен, оқырманға барынша ақпарат беруге тырыстық», — дейді кітап авторларының бірі тарих ғылымдарының докторы, профессор Самат Есқалиев.
Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 500 данамен басылып шықты. Әзірге жинақта 30 адамға қатысты мәлімет бар. Авторлардың айтуынша, алдағы уақытта «Ақтөбе аймағының тарихи тұлғалары» сериясының толығырақ нұсқасы дайындалмақ.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03