Шығыс Қазақстанда су шайған көпірлер жөнделіп жатыр
Шығыс Қазақстанда осы көктемде су шайып кеткен көпірлер жөнделіп жатыр деп хабарлайды Қазақ радиосының сол өңірдегі тілшісі Дәулет Бақытбекұлы.
Биыл тасқын су облыстағы бірнеше көпірді бүлдіріп, біраз елді-мекенге қатынау қиынға соққан болатын. Жол жөндеу мекемелері тез арада уақытша өткел жасап, көлік қатынасын ретке келтірген еді. Енді сол көпірлер біртіндеп қалпына келтірілуде. Төтенше жағдай табиғат апат салдарынан болғандықтан көпірлерді жөндеуге қаржы республикалық бюджеттен бөлінген. Қыс түскенше облыс орталығынан Зырян ауданына барар жолдың 149 шақырымындағы көпір күрделі жөндеуден өтсе, Өскемен-Семей арасында Привольное ауылы жанындағы және Семей-Қайнар бағытында жолдың 180-інші шақырымындағы көпірлер орта жөндеуден өткізіліп, пайдалануға беріледі. «Қазавтожол» компаниясының облыстық филиалы директоры Серік Ақтанов: «Барлығы 200 млн қаражат бөлінді республикалық бюджеттен. Қазіргі күні жұмыстар толығымен жүріп жатыр. Енді осы қараша айында 3 көпірді де толық бітіріп, көлік қатынасына береміз деп отырмыз»,-деп атап өтті. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Kaznew.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін және Саяси кеңестің жаңа құрамын бекітті
06.07.2026, 14:22
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31