Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық Қазақ музыкалы театрының әртістері екі ай бойы жалақы алмаған
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық Қазақ музыкалы драма театрының қызметкерлері жалақыларын жақын күндері алады. Екі айдан бері еңбекақы ала алмай жүрген әртістерді сала басшысы осылай сабырға шақырды. Бұл туралы Қазақ радиосының тілшісі Есенбек Базарқұл хабарлады.
Осыдан екі жыл бұрын Павлодардағы қазақ театрының жатақханасына күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Алайда, сол кезде мемлекеттік комиссия мердігер компанияның жұмысын жаратпай, актіні қабылдамай қойған. Содан мердігер компанияға төленуі тиіс 9 жарым миллион теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылған. Биыл сол мердігер компания сотта жеңіп шығып, Қазақ театрын өздеріне қарыз қылып қойды. Ал соттың шешімі бойынша театрдың есеп шоты бұғауланып қалды. «Облыс бюджетінің қорынан ақша бөлінетін болды. Сот шешімінен кейін біз қаржыны төлейміз. Оған құқықтық негіздеме бар. Облыс әкімінің қаулысы шықты. Облыс әкімінің резервінен қаржы бөлініп қойды, енді қарыздарды өтейміз. Қарыз өтелгеннен кейін театрдың есеп-шоттары бұғаттаудан босатылатыны сөзсіз», - деді облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева. Ал, соңғы рет тамыз айында жалақы алған Қазақ театрының қызметкерлері «Қараша айында еңбекақы төленбесе жұмысқа шықпаймыз»,- деп отыр.
kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45