Бүгін қазақ елі Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Нұрлан Балғымбаев саяси қайраткерлігімен, ұлтжандылығымен мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Бар ғұмырын мұнай саласына арнаған білікті маман еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Қоштасу рәсіміне Үкімет басшысы бастаған арнайы делегация барды.
Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының марқұмның туған-туыстарына жолдаған көңіл айту хатын оқыды. «Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Нұрлан Балғымбаевтың болмысына қарапайымдылық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Бар білімі мен ерік-жігерін мемлекеттің дамуына, халқымыздың кемелденуіне арнаған Нұрлан Өтепұлының есімін, оның еңбегін халқымыз ұмытпай, әрдайым қастерлейтін болады» делінген хатта.
Батырбек ШЕРКЕШБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31
«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
05.07.2026, 13:30