Басты Жаңалықтар Көкшетаулық полиция қызметкері Данияр Аманжол өртке оранған үйден төрт бала мен олардың анасын құтқарды

Көкшетаулық полиция қызметкері Данияр Аманжол өртке оранған үйден төрт бала мен олардың анасын құтқарды

Көкшетаулық полиция қызметкері Данияр Аманжол өртке оранған үйден төрт бала мен олардың анасын құтқарды

Көкшетау қалалық Ішкі істер басқармасы уақытша ұстау мекемесінің қызметкері Данияр Аманжол өрт сөндірушілер келгенше «тілсіз жаудың» құрсауында қалғандарды терезеден далаға шығарып үлгерген. Ал, үйде қалған бесінші баланы оқиға орнына жеткен арнайы мамандар құтқарған.

«Апат ешқашан айтып келмейді, сондықтанда шарасыздықтың шырмауында қалғандарға  көмек қолын созу кез-келген жанның азаматтық  міндеті»,-дейді Данияр Аманжол.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Бөлісу