Отандық геология саласында тұңғыш рет аудиомагниттік станциялар қолданыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық геология саласында тұңғыш рет аудиомагниттік станциялар қолданыла бастады

21.09.2015
Отандық геология саласында тұңғыш рет аудиомагниттік станциялар қолданыла бастады

Жезқазған өңірінің Дүйсембай жазығында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы полиметалдарға бай жер қыртысын зерттеуге «Қазгеология» мен Оңтүстік Кореялық ірі компания бірлесіп кіріскен. Ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін әлемдік геология тәжірибесіндегі озық технологиялар қолданылуда.

Бастапқы геологиялық барлау жұмыстары үшін шетелдік компания 2 миллион АҚШ долларын бөлген. Бұл әлемнің 36 елінде ірі жобаларға қатысып жатқан тау-кен саласының алыбы. Кореялық мамандар бұл жерде 2017 жылға дейін геофизикалық барлау жұмыстары жүргізілетінін айтады.

Корейлік компания зерттеу жұмыстарынан соң Инвестициялар және даму министрлігімен жасалған келісімшарт бойынша осында тау-кен мекемесін ашпақ. Егер полиметалдардан басқа қазба байлықтар табылса ол ел қазынасына тапсырылады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу