Алматы облысында селдің қаупі сейілді
Солардың бірі Жоңғар Алатауының күнгейіндегі Таскөл. Теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте орналасқан.
Тамыз айында көл басындағы мұздықтар еріп судың шекті мөлшерге жеткені анықталған. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары су деңгейін төмендету мақсатында кешенді шаралар жүргізіп, қауіп-қатердің алдын алды.
25 адамнан құрылған төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бірнеше әдіспен тәулігіне 45 мың текше метр су ағызып, бөгеттің іргесін нығайтуда. Таскөлдегі су көлемі тамызда 3 миллион текше метрге жуық болса, қазір 2 миллион 200 мың текше метрге азайды. Биыл «Қазселденқорғау» мамандары Алматы облысы аумағында таудағы осындай 3 көлдің деңгейін төмендетіп, төтенше жағдайға жол бермеді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03