Балалар аутизмі шешімін қажет етіп отырған өзекті мәселе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар аутизмі шешімін қажет етіп отырған өзекті мәселе

04.09.2015
Балалар аутизмі шешімін қажет етіп отырған өзекті мәселе

Бұл туралы осы мәселеге арналған халықаралық конференция барысында «Болашақ» қайырымдылық қорының сарапшысы Айнұр Құдайбергенова айтты. 

Оның мәліметтерінше, қазіргі таңда елімізде аутизммен ауыратын балалардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 20 есеге өскен. Мұндай топтағы балалар мектеп немесе бала-бақшаларға қабылданбайды, сондықтан оларды үйде оқытуға тура келеді.
 
Аутизмі бар балалар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарға ғана қабылданады. Бірақ, ата-аналар балаларын ондай оқу орындарына беруден бас тартып отыр. Сондай-ақ елімізде осы ауруды анықтайтын мамандар тапшы. 

Қазір 1 мың 500 бала осы дертке шалдыққан. Бұл тек ресми дерек. Негізінде олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сондықтан, бұл мәселе заң тұрғысында қаралатын болса, күрмеуі көп қиын мәселені шешу қиындық тудырмас еді,-деп отыр сарапшылар. 

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу