Ақтауда жас сарбазды ұрып өлтірген ефрейтор 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жас сарбазды ұрып өлтірген ефрейтор 8 жылға сотталды

11.07.2015
Ақтауда жас сарбазды ұрып өлтірген ефрейтор 8 жылға сотталды

Ақтау гарнизоны әскери сотының Үкімі бойынша Қазақстан шекара қызметінің ефрейторы Ұлжан Қайсаровты жас сарбаз Жалғас Ақжігітовті ұрып-соғып өлтіргені үшін айыпты деп танып, 8 жылға бас еркіндігінен айырды.

Тергеу материалында биыл көктемде шекара қызметінің 2018 әскери бөлімінде 19 жастағы Жалғас Ақжігітовтен 25 мың теңге талап еткен Ұлжан Қайсаров жас сарбазды түн ортасында киім-кешек қоймасына апарып ұрып-соққаны, ауыр соққыдан Ақжігітовтің сол жерде қайтыс болғаны айтылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Жалғас Ақжігітов жарты жылдай Шығыс Қазақстан облысында әскери бөлімде қызмет атқарып, Ақтаудағы әскери бөлімге ауысып барған.

Ал, ефрейтор Ұлжан Қайсаровтың әскери қызметін аяқтап, үйіне қайтуына санаулы күн қалғанда қылмыс жасаған.

Хабарламаларға жазылу