Бірнеше күн бұрын Бурабайдағы «Discovery» лагерінде келеңсіз жағдай болды.
Ақтаудағы балалар үйінен келген жасөспірімдерді түннің ортасында тәртіпсіздік жасағандары үшін қуып шыққан.
Облыстағы «Сокол» балаларды сауықтыру орталығында бүгінде республиканың бірнеше аймағынан келген 270 оқушы демалып жатыр.
Бұл жерде балалар түрлі ойындар ойнап, байқауларға қатысады. Үйірмелер де жұмыс істейді екен.
Дегенмен, ата-аналардың ойынша, алаңдауға әлі де себеп бар. Олар лагерлерге толық сенім артпайды екен.
Ал, мамандар «Әр маусымның басында құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Балаларға арналған үш ғимараттың әрқайсысына бекітілген тәрбиешілер мен тәлімгерлер бар, олар тәртіптің сақталуын қадағалайды», дейді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН