Павлодар облысында қырылған малдардан сынама алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында қырылған малдардан сынама алынды

10.07.2015
Павлодар облысында қырылған малдардан сынама алынды

Өткен демалыс күндері ауа райының күрт бұзылуы салдарынан еліміздің біраз аймақтарында уақ малдың қырылғаны жөнінде хабарлағанбыз. Шығын әсіресе, Павлодар облысында көп.

Шенеуніктер «қой-ешкі жаңбыр мен суық желден қырылды», деп мәлімет таратты. Ал, дерекке қарағанда бұл күндері ауа температурасы 7 градустан төмендемеген.

Бәйет ауылынан алты мыңға жуық қой-ешкі өретін. Соның 20 пайызы қырылды. Облыстың әр аудандарында қырылған уақ малдың саны үш мыңға таяу.

Өлген қой-ешкіден сынама алынып, Астанадағы зертханаға жіберілді. Оның нәтижесі келесі аптада белгілі болады.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу