Есіл суынан сынама алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есіл суынан сынама алынды

03.08.2020

Жасыл түске боялған Есілдің суы Нұр-сұлтан тұрғындарын шошытты. Әлеуметтік желіде тараған бейнеде Кенесары хан ескерткіші тұсындағы өзеннің ерекше күйі көрсетілген. Бұл жағдайға байланысты 31 шілде күні мамандар оқиға орнында болып, екі жерден сынама алды. Өзен түсінің өзгеруіне судың гүлдеуі сияқты табиғи құбылыс себеп болуы мүмкін, - дейді Экология министрлігінің сарапшылары. Яғни балдырдың көбеюі. Бұл мәселе қатаң бақылауда. Ал сараптама қорытындысы жақын күндері белгілі болады. 

Хабарламаларға жазылу