Атырау облысының Индер ауданында белгісіз себеппен ірі қара мал қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының Индер ауданында белгісіз себеппен ірі қара мал қырылып жатыр

23.11.2020

Атырау облысына қарасты Индер ауданында белгісіз себеппен сиыр қырылып жатыр. Жарсуат және Құрылыс ауылында өлген малдың саны 20-ға жуықтаған. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, арнайы тексеріс кезінде 10 бас мүйізді ірі қараның ауырып тұрғаны анықталды. Осыған орай әкімдік тарапынан арнайы комиссия құрылды. Бүгінде сынамалар алынып зертханаға жіберілді. Қорытындысы бір аптада шығады. Алдын ала болжам бойынша, мал егістік алқабындағы жуаға жайылып қырылған.

Лаура Қапашева, Жарсуат ауылының тұрғыны:  
-Кеше біреуі өлді. Шығарып тастадық. Енді міне екіншісі, бұл да іші де жүрмейді. Тұрғаны тұрған. 
Дарын Шамұратов, Индер ауданы әкімінің орынбасары:   
-Өлген малдардан сынама алынып, облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Өтемақы бойынша мәселелер тек қана қорытындысы шыққаннан кейін шешіледі. 

Жандос Темірғали


Атырау облысы Индер ауданы ірі қара сиыр

Хабарламаларға жазылу