Қостанайда құстарды вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда құстарды вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр

25.09.2020

Қостанай облысында құс тұмауының беті қайтпай тұр. Індет шыққан елді мекендерде қанаттылар әлі қырылып жатыр. Әзірге кеселдің жаңа ошағы анықталған жоқ. Ал ауру шыққан ауылдар карантинге жабылды. Қазір онда сау құстарды вакцинациялау, өлгендерін өртеп, заласыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін ветеринар мамандар үш ауылда үш жүзден астам құс қырылғанын айтқан еді. Тұрғындар шығын көлемі ресми деректен әлдеқайда көп дейді. Мысалы бір үйдің өзінен мыңға тарта құс өлген. 

Зухра Русельбаева,  Красная пресня ауылының тұрғыны:

- Олардың барлығы асылтұқымды құстар. Бәрін санағанда - 1298. Өзімізде ғана. Вакцинация кешеден бастап жүріп жатыр. Қиын боп тұр. Бағатын кісілері бар, жем-суы бар, өтемақы бұл шығынды жаппайды ғой бәрібір. 

Павлодар облысында екі ауыл карантинге жабылады. Оның бірі Ертіс ауданының Ағашорын ауылында 158 үй құсы қырылған. Ал Железин ауданына қарасты Жаңа жұлдыз ауылында құс өлекселері табылды. Кеше елордадағы зертханаға жіберілген сынама құс тұмауын көрсетті. Жалпы облыста құс тұмауынан 3 мыңға жуық құс қырылып қалған. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу