Павлодар облысында құс тұмауы тіркелді
Павлодар облысында құс тұмауы тіркелді. Тереңкөл ауданы , Березовка ауылында 200 ге тарта үй құсы жойылды. Мамандардың мәліметінше негізінен тауық пен қаз қырылған. Қазір құс иелеріне нарықтағы бағамен өтемақы төлеу қарастырылып жатыр.
Ғалым Бейсенов, ветеринария басқармасы бөлім басшысының м.а.:Бұдан бұрын сол аулада көгершін өлекселері табылған. Сол дала құсынан жұғуы мүмкін. 1-ші қазаннан бастап құстың қырылуы басталды. Дереу Астанаға сынамаларын жібердік. Сынама нәтижесін 8-ші қазан күні алдық. Құс тұмауы деп анықталды.
Ветеринарлық қызмет мамандары құс тұмауы тұтас ауылдан емес, бір ғана үйден шықты - деп сендіреді. Дегенмен, ресми емес мәліметтерге сүйенсек Павлодар қаласына қарасты Павлодарское ауылында да үй құстары қырылып жатыр деген ақпарат бар.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01